Accessibility links

Жапонияда 5,6 магнитудалы жер сілкінісі болды


Жапонияның метерологиялық агенттігі бүгін ел астанасы Токио мен оның айналасында қуаттылығы 5,6 магнитуданы құрайтын жер сілкінісі болғанын хабарлады. Эпицентрі Токионың солтүстік-шығысындағы Ибараки префектурасында болған зілзаладан Токиода ғимараттар шайқалып, теміржол байланысы қысқа уақытқа үзілген.

Әзірге жер сілкінісінен зардап шеккендер мен бүлінген нысандар жайлы ақпарат түскен жоқ. Зілзалаға байланысты цунами тұру қаупі туындамаған.

Әлемдегі сейсмикалық ең қауіпті аймақтардың бірі саналатын Жапонияда 2011 жылғы наурыздың 11-інде жойқын жер сілкінісінен цунами көтеріліп, 20 мыңға тарта адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG