Accessibility links

SOHR: Сирия әскері Пальмираға әуеден шабуылдады


Сириядағы ежелгі Пальмира қаласының әуеден қарағандағы көрінісі. (Көрнекі сурет).

Сириядағы ежелгі Пальмира қаласының әуеден қарағандағы көрінісі. (Көрнекі сурет).

Лондонда орналасқан Syrian Observatory for Human Rights (SOHR) ұйымы Сирия үкіметі 25 мамыр күні таңертең "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы содырлары орныққан ежелгі Пальмира қаласына 15 рет әуеден соққы жасағанын хабарлады. Әуе шабуылдары негізінен қаланың содырлар бекінген нысандарына жасалған.

"Ислам мемлекеті" ұйымы біздің заманымыздың алғашқы ғасырларында, Рим империясы кезеңінде салынып, сақталып қалған Пальмира қаласын өткен аптада Сирия үкіметі әскерімен ұрыста басып алған.

SOHR кеше содырлар қаланы алғалы бері аймақта 217 адамды, оның ішінде 16 баланы өлтіргенін хабарлады.

Syrian Observatory for Human Rights-тың дерегінше, "Ислам мемлекеті" содырлары Пальмира қаласы мен оның маңайында 600-ге тарта үкімет әскері, үкіметшіл күштер сарбаздары мен үкіметке болысты деп айыпталғандарды ұстаған.

Ұйым жетекшісі Рами Абдулрахманның айтуына қарағанда, Сирия әскери-әуе күштері қалдағы әскери барлау қызметі ғимараты мен қалалық аурухананы да нысанаға алған.

XS
SM
MD
LG