Accessibility links

Ауғанстанда шабуылдан 40 адам жараланған


Ауғанстанның Забул провинциясы. (Көрнекі сурет)

Ауғанстанның Забул провинциясы. (Көрнекі сурет)

Ауғанстанның оңтүстігіндегі Забул провинциясының әкімшілік орталығында жарылыстан бір адам қаза тауып, 40-аса адам жараланған. Бұл туралы жергілікті билік орындары хабарлады.

Забул провинциясы полициясының басшысы Мирвайс Нурзайдың айтуынша, жергілікті әкімдік алдында белгісіз біреу шағын жүк көлігінде жарылыс жасаған. Билік өкілдері жарылыс құрбандарының саны ұлғаюы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Бұл шабуыл үшін жауапкершілікті «Талибан» тобы мойнына алған. Пәкістанмен шекараға жақын орналасқан Забулда соңғы айларда шабуылдар жиілеп кеткен.

Сонымен бірге бұл провинцияда бірнеше рет адам ұрлау оқиғалары тіркелген.

XS
SM
MD
LG