Accessibility links

ИМ Рамадиге қосымша күш жіберді


"Ислам мемлекеті" ұйымы содырының Рамади көшелерінің біріне ұйым туын тігіп жатқан сәті. Рамади, Ирак, 16 мамыр 2015 жыл.

"Ислам мемлекеті" ұйымы содырының Рамади көшелерінің біріне ұйым туын тігіп жатқан сәті. Рамади, Ирак, 16 мамыр 2015 жыл.

"Ислам мемлекеті" экстремистік тобы Иракта бір апта бұрын басып алған Рамади қаласындағы әскерін көбейтіп жатыр. Жергілікті тұрғындардың хабарлауынша, ұйым 24 мамыр күні қалаға қосымша содырларды жөнелткен. Ирак армиясы Анбар провинциясының орталығы Рамади қаласын қайтарып алатынын айтады. 25 мамырда жергілікті сүннит тайпалары мен шиит жасақтарының қолдауымен Ирак армиясы Рамадиден 20 километр қашықтықтағы әл-Таш елді мекеніне бақылау орнатқан.

АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер 24 мамырда Ирак әскерін "қарсыласынан саны жағынан басым болса да" Рамади қаласын беріп қойды деп айыптаған. Ирак үкіметінің өкілі айыптауды "Ирак әскері Рамадиді қайтарып алу үшін шабуылға дайындалып жатқан тұста айтылған орынсыз пікір" деп жоққа шығарды.

Ал Иранның Таяу Шығыстағы әскери операцияларына қолбасшылық жасайтын генералы АҚШ пен басқа да державаларды "Ислам мемлекеті" ұйымына қарсы тұра алмай отыр деп айыптады.

XS
SM
MD
LG