Accessibility links

Қайрат Жамалиевке айып тағылды


Астана тұрғыны Әліби Жұмағұлов. Фото әлеуметтік желіден алынды.

Астана тұрғыны Әліби Жұмағұлов. Фото әлеуметтік желіден алынды.

Астаналық Әліби Жұмағұловты соққыға жығу ісі бойынша айыпталып отырған кәсіпкер Қайрат Жамалиевке "күш қолдану арқылы жыныстық зорлық-зомбылық жасады" деген айып тағылды. Бұл туралы Әліби Жұмағұловтың адвокаты Хамида Айтқалиева Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Айтқалиеваның сөзінше, Жамалиевке қылмыстық кодекстің "қылмыстық топ арқылы аса ірі көлемде бопсалау", "адамды ұрлаумен байланысты емес заңсыз бас еркінен айыру" және "күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауы" туралы баптар бойынша айып тағылатыны жайлы қаулы шыққан.

Бизнесмен әрі бірнеше компанияның иесі Қайрат Жамалиев пен оның жүргізушісі өткен айда ұсталып, кейін қамалған. Бұл іс бойынша тағы бір күдіктіге іздеу жарияланған. Жамалиевтің мүліктеріне арест салынған.

Астаналық Нұрлан Жұмағұлов 24 жастағы баласы Әлібидің аяусыз соққыға жығылғанын айтып, әлеуметтік желіге ұлының видеосы мен суреттерін жариялап, көмек сұраған жазбасы қоғамда наразы пікірлерге ұласып, жұртшылық бұл істің «коррупциясыз» тексерілуін талап еткен еді.

XS
SM
MD
LG