Accessibility links

Министрлік: Киік қырылуының зымыранмен байланысы жоқ


Ұрғашы киік пен төлінің өлекселері. Қостанай облысы, 20 мамыр 2015 жыл.

Ұрғашы киік пен төлінің өлекселері. Қостанай облысы, 20 мамыр 2015 жыл.

Қазақстанда киіктердің жаппай қырылуына Байқоңырдан ұшырылып жатқан зымырандардың қатысы жоқ деп мәлімдеді бүгін инвестиция және даму министрлігі аэроғарыш комитеті төрағасының міндетін атқарушы Мейірбек Молдабеков.

Сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында сөйлеген Молдабеков киіктердің зымыран ұшырылуының әсері тиетін аймақтардан қашықта қырылып жатқанын айтқан.

«Киіктердің қырылуына экологияның, ғарыш айлағының қатысы бар шығар. Бірақ киік зымыран ұшыру әсер ететін аймақтардан қашықта қырылып жатыр. Зымыран әсер ететін аймақ Қарағанды облысы, ал киіктер Қостанай, Ақмола және Ақтөбе облыстарында қырылып жатыр. Сондықтан біз мұның тіке қатысы бар деп ойламаймыз, дегенмен бұл мәселені зерттейміз» деген Молдабеков.

XS
SM
MD
LG