Accessibility links

Тегеранда Washington Post журналисінің соты басталды


Washington Post басылымының Тегерандағы бюросының басшысы Джейсон Резаян.

Washington Post басылымының Тегерандағы бюросының басшысы Джейсон Резаян.

Тегеранда Washington Post басылымының журналисі Джейсон Резаянның үстінен сот басталды. Басылымның Тегерандағы бюросының басшысы, тыңшылық жасады деп айыпталған Иран мен АҚШ азаматы Резаянның соты жабық түрде өтіп жатыр. Иран революциялық сотындағы процеске Резаян тек адвокатымен ғана қатысып жатыр.

Журналистің ағасы Әли Резаян кеше Reuters агенттігіне айыпталушының туыстарына сот залына кіруге рұқсат етілмегенін айтқан.

Washington Post басылымы 25 мамырдағы санында журналисінің "негізсіз қамауға алынғанын" және соттың қоғамға жабықтығын сынаған. Басылым редакциясы Резаян Тегеранның ішкі және сыртқы саясатына қатысты құпия ақпарат жинаумен айналысты және ақпараттарын "жау мемлекеттерге" берді деп айыпталғанын айтады.

Джейсон Резаян Иранның "Эвин" түрмесінде өткен жылдың шілде айынан бері қамауда отыр. Кейбір мәліметтер бойынша, ол содан бері 18 килограмм салмақ жоғалтқан. Резаян Тегерандағы пәтерінде әйелі Салехимен бірге ұсталған. Кейін әйелі кепілге босатылған. Журналистің әйеліне де күйеуіне тағылғандай айып тағылған. ББірақ журналист пен әйелінің соты екі бөлек өтуі мүмкін.

XS
SM
MD
LG