Accessibility links

Кения: "Әл-Шабааб" шабуылынан 25 полицей мерт болды


Кения арнайы қызметі жасақтары "Әл-Шабааб" тобы содырларына қарсы операция кезінде. Найроби, қыркүйек 2013 жыл.
Кения арнайы қызметі жасақтары "Әл-Шабааб" тобы содырларына қарсы операция кезінде. Найроби, қыркүйек 2013 жыл.

Кенияда "Әл-Қаидамен" байланысы бар "Әл-Шабааб" экстремистік тобының шабуылынан 25 полицей қаза тапты.

Сомалиде орналасқан "Әл-Шабааб" тобының өкілі Шейх Әбдіазиз Әбу Мусабтың мәлімдеуінше, полицейлердің біразы Кенияның шығысындағы елді мекенде қоршауға алынған кезде оққа ұшқан, қалғаны көліктерімен минаға түсіп мерт болған.

Шейх Әбдіазиз Әбу Мусаб "Біз олардың барлық қаруын тартып алдық. Ұрыс кезінде қоршаудан Кенияның бірнеше сарбазы құтылып шықты" деді. Оның сөзінше, содырлар ұрыс кезінде бес әскери көлікті қиратқан.

Кенияда соңғы жылдары бірнеше шабуыл жасаған "Әл-Шабааб" тобы Кения билігін Сомалиден әскерін шығаруға мәжбүрлегісі келеді. Топ өткен айда Кенияда колледжге шабуыл жасап, 148 адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG