Accessibility links

Ауғанстанда шабуылдан екі полицей мерт болды


Вардак уәлаятында содырлар шабуылынан қаза тапқан адамды әкетіп барады. Ауғанстан, 25 наурыз 2015 жыл.

Вардак уәлаятында содырлар шабуылынан қаза тапқан адамды әкетіп барады. Ауғанстан, 25 наурыз 2015 жыл.

Ауғанстанның Вардак уәлаятында бүгін "Талибан" содырлары сот ғимаратына шабуылдап, екі полицей офицерін өлтірді. Сот ғимаратына кіре бергенде содырлардың өздері оққа ұшқан.

Вардак полициясының басшысы Халил Андараби полиция офицерлері шабуылдаушылардың бірі сотқа кіре бергенде денесіндегі бомбаны іске қосқанда мерт болғанын айтады.

Андараби "Шабуылдаушылар ғимаратқа кірмек болған, бірақ біздің қауіпсіздік күштеріміз оларды атып өлтірді" дейді.

Вардак уәлаяты Кабулден батысқа қарай ороналасқан.

Мамырдың 25-інде елдің оңтүстігіндегі Забул уәлаятының орталығы Калат қаласында жанкешті шағын жүк көлігінде жарылыс жасап, алты адам қаза тапқан. Шабуылдан 60-тан астам адам жараланған.

XS
SM
MD
LG