Accessibility links

Ирак әскері Анбар провинциясында шабуылға шықты


Рамади қаласы маңында содырлармен соғысып жатқан шиит жасақары. Ирак, 20 мамыр 2015 жыл.
Рамади қаласы маңында содырлармен соғысып жатқан шиит жасақары. Ирак, 20 мамыр 2015 жыл.

Ирак мемлекеттік телеарнасы үкімет күштері Анбар провинциясында "Ислам мемлекеті" содырларын басып алған Рамади қаласынан ығыстырып шығару операциясын бастағанын хабарлады. Телеарна ақпаратына қарағанда, Ирак әскеріне шиит және сүнниттік жартылай әскери жасақтар көмектеседі.

Халықтық мобилизациялық күштерінің баспасөз хатшысы Ахмед әл-Ассади операцияға Анбардың оңтүстігіндегі Салахеддин провинциясынан қауіпсіздік күштері мен әскерилендірілген құрылымдар да кірісетінін айтады.

"Ислам мемлекеті" ұйымы 2014 жылдың басында Анбардың көпшілік бөлігін, ал осы ай басында провинцияның әкімшілік орталығы Рамадиді басып алған.

Рамадидің құлауы өткен жылдан бері АҚШ бастаған коалиция әуе шабуылдарының көмегімен содырларға қарсы соғыста біраз табысқа жете бастаған Ирак армиясына үлкен соққы болды.

XS
SM
MD
LG