Accessibility links

"Астана" қаржы орталығын құру жоспары бекітілді


Астана орталығындағы ғимараттар мен "Бәйтерек" кешені. (Көрнекі сурет).

Астана орталығындағы ғимараттар мен "Бәйтерек" кешені. (Көрнекі сурет).

Қазақстан үкіметінің отырысында бүгін министрлер кабинеті мен Ұлттық банктің "Астана" қаржы орталығын құру жөніндегі бірлескен іс-жоспары мақұлданды деп хабарланды премьер-министр сайтында. Бірақ іс-жоспар жайлы егжей-тегжейлі ақпарат берілмеген.

Өткен аптада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" қаржы орталығын құру туралы жарлық шығарған. Оған сай, келесі жылдан бастап Ұлттық банк пен оған бағынышты мекемелер Астанаға көшпек.

Таяуда өткен 8-Астана экономикалық форумында Назарбаев Астанада құрылатын қаржы орталығы Қазақстан "қаржы инфрақұрылымының орталығына", одан ары Орталық Азияның "қаржы орталығына" айналады деп мәлімдеген.

2000 жылдардың басында Қазақстан үкіметі биржалық алаңдарды, ислам банкингі жүйесін дамыту қажетін айтып, Алматыда аймақтық қаржы орталығын құруды көздеген.

XS
SM
MD
LG