Accessibility links

Ауғанстанда қауіпсіздік күштерінің 26 өкілі қаза тапты


Ауған полициясының бақылау-өткізу бекетіндегі тексерісі, Ауғанстан. (Көрнекі сурет).

Ауған полициясының бақылау-өткізу бекетіндегі тексерісі, Ауғанстан. (Көрнекі сурет).

Ауғанстанда соңғы тәулікте қауіпсіздік күштерінің 26 қызметкері қаза тапты. Содырлар соңғы тәулікте елдің оңтүстігіндегі бірнеше бақылау-өткізу бекетіне шабуылдаған. Ақпарат құралдарының Гильменд уәлаятындағы аты-жөнін атамаған дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, 25 мамырда Навзада ауданында болған шабуылдардан 19 полицей мен жеті әскери қызметкер қаза тапқан. Әзірге бір де бір топ шабуылға жауапкершілікті мойнына алған жоқ.

Азаттықтың Ауған қызметінің хабарлауына қарағанда, Қандағар уәлаятының әкімшілік орталығында полиция күдікті екі жанкешті содырмен қақтығысып, бір адам қаза тапқан, үш полицей жараланған.

XS
SM
MD
LG