Accessibility links

Ресей "Мистраль" кемесінен ресми түрде бас тартты


Францияның Сен-Назаре айлағында тұрған екі "Мистраль" әскери кемесі.

Францияның Сен-Назаре айлағында тұрған екі "Мистраль" әскери кемесі.

Ресей билігі Францияның құны бір жарым миллиард АҚШ долларына бағаланған екі "Мистраль" әскери кемесін сатып алуға қатысты жасалған келісімінен бас тартатынын мәлімдеді. Өткен жылдың қыркүйек айында Франция президенті Франсуа Олланд өз елі "Ресейдің Украинадағы саясатына байланысты" әскери тікұшақ тасымалдауға арналған кеме тапсырысын орындамайтынын мәлімдеген.

Әскери-өнеркәсіп комиссиясы басшысының орынбасары Олег Бочкарев ТАСС агенттігіне "Ресейдің "Мистраль" кемелерін алмайтыны айқын болды. Енді тек Францияның Ресейге қайтаруы тиіс қаржысы туралы әңгіме ғана қалды" деген. Ол Мәскеу тікұшақ тасымалдайтын өз кемесін құрастыруды ойластырып жатқанын, бірақ оның "Мистраль" кемесіне ұқсамайтынын айтқан.

Осы айдың басында Кремль Париж ресми түрде келісімнен бас тартуды сұрағанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG