Accessibility links

Қытай жаңа әскери-теңіз стратегиясын жасады


Оңтүстік Қытай теңізінің Қытай өзінің иелігі санайтын даулы Спратли аралдарындағы қытайлық кемелер.

Оңтүстік Қытай теңізінің Қытай өзінің иелігі санайтын даулы Спратли аралдарындағы қытайлық кемелер.

Қытай билігі жаңа әскери-теңіз стратегиясын жасады. Үкімет дайындаған стратегия бойынша, қытайлық әскери-теңіз күштері бұдан былай «жағалаудағы суларды қорғаудан» «ашық теңіздерді күзетуге» көшеді. Стратегияда Қытайдың теңіздегі мүдделеріне төнетін "қауіптер" айтылып, «арандатушылық іс-әрекеттерге» баратын көрші елдер мен «Оңтүстік Қытай теңізіндегі жағдайға араласатын сыртқы күштер» сынға алынған.

Стратегияда әскери-әуе күштері әуе кеңістігін қорғаумен ғана емес, шабуылдаумен де айналысатынын және әскери әлеуеті жоғары әуе қорғанысын құратыны айтылған. Қытайлық ақпарат құралдары бұған қоса даулы Спратли аралдарында екі маяк құрылысы басталатыны туралы да хабарлайды.

Аймақ елдері Қытайды Оңтүстік Қытай теңізіндегі территорияларға иелік еткісі келеді деп айыптайды. Вашингтон Пекиннің бұл әрекетіне алаңдаушылық білдіреді.

XS
SM
MD
LG