Accessibility links

Франция дипломаты: Иран келісімі мерзімінде жасалмауы мүмкін


Францияның АҚШ-тағы елшісі Жерард Аро.
Францияның АҚШ-тағы елшісі Жерард Аро.

Францияның АҚШ-тағы елшісі Жерард Аро Иран мен әлемдік алты держава маусым айының соңына дейін, межеленген мезгілде Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты түпкілікті келісім жасай алмауы мүмкін деп мәлімдеді.

26 мамырда Вашингтонда Атлантика кеңесі сараптама орталығының жиынында сөйлеген елші "алдағы бес аптада" тіпті одан кейін де келісім жасалмауы мүмкін екенін айтты. Ол алдын-ала уағдаластыққа қол жеткенімен, келісімнің техникалық жағына қатысты жасалатын жұмыс әлі көп екенін ескертті.

Германияның АҚШ-тағы елшісі Петер Виттиг келісім ойдағыдай жасалған күннің өзінде Иранға салынған экономикалық санкциялар биылғы жыл соңына дейін жеңілдемейтінін айтты.

Иран мен АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германия Тегеранның ядролық бағдарламасын шектеп, есесіне бұл елге салынған экономикалық санкцияларды жеңілдетуді көздейтін келісім жасасып жатыр. Әлемдік қауымдастық Иран уранды ядролық қару жасау үшін байытып жатыр деп күдіктеніп, одан бас тартқызғысы келеді. Бірақ Тегеран ядролық бағдарламасы тек бейбіт мақсатты көздейтінін айтады.

XS
SM
MD
LG