Accessibility links

Кабулде "Талибан" екінші қонақүйге шабуыл жасады


Ауған қауіпсіздік күштері Кабулдегі шабуыл жасалған қонақүй маңын қоршап тұр. 26 мамыр 2015 жыл.

Ауған қауіпсіздік күштері Кабулдегі шабуыл жасалған қонақүй маңын қоршап тұр. 26 мамыр 2015 жыл.

Кабулдың дипломатиялық өкілдіктер орналасқан ауданында қарулы топ қонақүйге шабуылдап, ауған қауіпсіздік күштерімен ұрыс жүргізді.

Ауғанстан ішкі істер министрінің орынбасары Мохаммад Аюб Салангидің айтуынша, шабуыл 27 мамырға қараған түні жасалып, 27 мамырдың таңына дейін ұрыс жүрген. Ұрыс кезінде төрт содыр қаза тапқан. Шабуылдан бейбіт тұрғындар мен қауіпсіздік күштері өкілдері мерт болып, я зардап шекпеген. Шабуылды "Талибан" ұйымы мойнына алды.

Ресми орындар қарулы топтың нақты қай қонақүйге шабуылдағанын айтпайды. Бірақ ауғанстандық және батыстық қауіпсіздік қызметтері қонақүй Ауғанстанның бұрынғы президенті пен қазіргі сыртқы істер министрінің отбасына тиесілі Rabbani қонақүйі екенін айтады. Rabbani қонақүйіне шетелдіктер жиі түседі.

Кабулде соңғы екі аптада шетелдіктер мен ауған билігі, қауіпсіздік күштеріне дүркін-дүркін шабуыл жасалып жатыр.

13 мамырда "Талибан" жасақтары" Кабулдегі қонақүйлердің біріне шабуыл жасап, арасында 1987 жылы туған Қазақстан азаматы Айгерім Абдулаева бар, барлығы 14 шетелдік қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG