Accessibility links

Украинада ұлттық қауіпсіздік стратегиясы қабылданды


Украина президенті Петр Порошенко.
Украина президенті Петр Порошенко.

Украина президенті Петр Порошенко ұлттық қауіпсіздік стратегиясы туралы жарлық шығарды. Бұл жайында Украина президентінің ресми сайтында хабарланды.

Украинаның ұлттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі бағыттары ретінде мемлекеттің территориялық тұтастығын қалпына келтіру, елдің қорғаныс қабылетін нығайту, Ресейден қару-жарақ пен әскери техника өндірісі мәселелерінде толық тәуелсіздік алу аталған.

Құжатта "Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа жүйесін құру қажеттілігі Ресей тарапынан төнетін қауіптен, елдің ішкі және сыртқы саясатындағы басқа да өзгерістерден туындады" делінген.

Стратегияда Украинаның Еуропа одағымен интеграциялануы және НАТО-ға кіру шарттарын түзу қарастырылған. Бұған дейін Порошенко елдің НАТО-ға кіру мүмкіндігін "ұлттық қауіпсіздік стратегиясының маңызды тұсы" деп мәлімдеген.

Украина ұлттық қауіпсіздік стратегиясын биыл 6 мамырда Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі қабылдаған және ол елдің әскери іс-жоспарының негізгі құжаты саналады.

XS
SM
MD
LG