Accessibility links

Марин Ле Пен: Парижге АҚШ ықпалы көбірек жүреді


Франция әсіре ұлтшыл партиясы жетекшісі Марин Ле Пен Ресей мемлекеттік думасының спикері Сергей Нарышкинмен кездесуден соң. Мәскеу, 26 мамыр 2015 жыл.
Франция әсіре ұлтшыл партиясы жетекшісі Марин Ле Пен Ресей мемлекеттік думасының спикері Сергей Нарышкинмен кездесуден соң. Мәскеу, 26 мамыр 2015 жыл.

Францияның әсіре оңшыл партиясы жетекшісі Марин Ле Пен АҚШ-ты Францияға Ресейге қарсы санкция салуа қысым жасап отыр деп айыптады. Марин Ле Пеннің сөзінше, Мәскеу осының салдарынан Парижбен жасасқан құны бір жарым миллиард АҚШ долларына тең екі "Мистраль" әскери кемесін сатып алу туралы келісімнен бас тартқан.

Ресей президенті Владимир Путиннің жақын серігі, Мемлекеттік Дума төрағасы Сергей Нарышкинмен кездесуден соң Ле Пен француз үкіметін "АҚШ ықпалына көбірек ұшыраған" деп мәлімдеді.

"АҚШ Еуропа Одағының Ресейге санкция салуында АҚШ үлкен рөл атқарды" деді Марин Ле Пен. Ол АҚШ-тың француз үкіметіне ықпалы Мәскеуді "Мистраль" кемесін сатып алу келісімнен шығуына және Франция үкіметі басшысының Мәскеудегі екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіске орай өткен әскери парадқа қатысудан бас тартуына әкеп соқтырды деген болжам айтты. Бұған қоса Марин Ле Пен "Франция болашақта өз ұстанымын білдіру еркіндігі мен демократиялық бостандық алатынынан үмітті екенін білдірді.

XS
SM
MD
LG