Accessibility links

2013 жылғы "Протон" апатын тергеу аяқталды


Ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырыла бере әуеде жанып, құлап бара жатқандағы көрінісі. Байқоңыр, 2 шілде 2013 жыл.

Ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырыла бере әуеде жанып, құлап бара жатқандағы көрінісі. Байқоңыр, 2 шілде 2013 жыл.

Ресей тергеу комитеті 2013 жылғы "Протон-М" зымыран тасығышының апатқа ұшырауына қатысты істі тергеуді аяқтады. Тергеу комитетінің ресми сайтында хабарланғандай, бұл іс бойынша Хруничев атындағы ғарыштық ғылыми-зерттеу орталығының төрт қызметкері айыпты деп танылды.

2013 жылы шілденің 2-сі күні ресейлік "Глонасс-М" навигациялық үш спутнигін тіркеген "Протон-М" зымыран тасығышы Байқоңырдан ұшырыла бере әуеде жарылып кеткен еді. Апат салдарынан Ресей бес миллиард рубль көлемінде зардап шеккен.

Апатқа байланысты орталықтың электрмен жабдықтаушысы Денис Гришиннің, шебер Александр Николаевтың, бақылаушысы Дана Гудкова мен қорғаныс министрлігінің өкілі Марат Насибулиннің үстінен іс қозғалды.

Тергеу деректері бойынша, Гришин, Николаев пен Гудкин 2011 жылы "Протон-М" зымыран тасығышына датчикті дұрыс қондырмағандықтан зымыран тасығыштың басқару жүйесі дұрыс жұмыс істемей апатқа әкеліп соқтырған.

16 мамырда да мексикалық спутникті алып ұшқан "Протон-М" зымыран тасығышы кезекті рет апатқа ұшыраған. Бұл жолы "Протон-М" біраз қашықтыққа ұшқаннан кейін құлаған. Ресейдің коммуникация және байланыс министрлігі осыған байланысты ресейлік байланыс спутниктерін ұшыру екі-үш айға шегерілетінін хабарлады.

XS
SM
MD
LG