Accessibility links

Қырғызстан 1916 жылғы қырғынның 100 жылдығын атап өтпек


Алмазбек Атамбаев.

Алмазбек Атамбаев.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев 1916 жылғы үркіншілікте қаза тапқандарды мәңгі есте қалдыру үшін Бішкекте және зұлмат құрбандары жерленген жерге ескерткіштер орнату туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Қырғызстан президенті баспасөз қызметінің мәліметінше, тарих ғылымдарын дамыту комитетінің базасында 1916 жылғы оқиғалардың шынайы тарихи бағасын беру үшін тарихшы ғалымдар мен басқа да гуманитарлық ғылымдар өкілдерінен тұратын жұмысшы топ құрылмақ.

Үкіметтің Ыстықкөл облысындағы өкілдігіне адам аяғы жете бермейтін асулар мен таулы жерлерде қаза тапқандардың сүйегін қайта жерлеу шараларына арнап үш миллион сом қаржы бөлінген.

Мәдениет, ақпарат және туризм министрлігіне 1916 жылғы оқиғаларда қаза тапқандарды мәңгі есте қалдыруға қатысты іс-шараларды жүргізуге бес миллион сом бөлінген.

1916 жылы Ресей патшасының жазалаушы әскері Қырғызстандағы ұлт-азаттық көтерілісін күшпен басқан болатын. Мұндай оқиғаны сол жылы Орталық Азияның өзге де елдері өткерген.

XS
SM
MD
LG