Accessibility links

АҚШ: ФИФА 2010 жылғы біріншілікті өткізуде пара алды


ФИФА шенеуніктерінің біріккен фотосы. (Көрнекі сурет).

ФИФА шенеуніктерінің біріккен фотосы. (Көрнекі сурет).

АҚШ бас прокуратурасы ФИФА шенеуніктері 2010 жылғы футболдан әлем чемпионаты Оңтүстік Африка республикасында өтуі үшін пара алған деп мәлімдеді. Вашингтонда 27 мамырда өткен баспасөз жиынында АҚШ бас прокуроры Лоретта Линч 2011 жылы ФИФА президентін сайлауда және 2016 жылы АҚШ-та өтетін Америка кубогына дайындық кезінде де коррупциялық қылмыс жасалған деген болжам айтты.

27 мамырда Швейцарияда ФИФА-ның жоғары шенді жеті шенеунігі тұтқындалған. АҚШ бастаған іс бойынша 14 адам күдікке ілінген. Швейцария бұған қоса 2018 және 2022 жылғы әлем чемпионаттары өтетін елдерді іріктеу кезінде "қаржы жымқыру" және "қызметіне салақ қарау" күдігі бойынша өз тергеуін бастады. Футболдан 2018 жылғы әлем чемпионаты Ресейде, 2022 жылғы чемпионат Катарда өтеді деп белгіленген.

Asdsociated Press агенттігіне берген сұхбатында Ресей спорт министрі Виталий Мутко "Біз барлығын көрсетуге дайынбыз. Біз қашан да заң аясында жұмыс істедік" деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG