Accessibility links

Тәжікстанда Азаттық пен бірнеше әлеуметтік желі ашылмай тұр


"Ислам мемлекеті" ұйымы қатарына қосылған Тәжікстан милициясының полковнигі Гулмурод Халимов (оң жақтан екінші) түскен видеодан үзінді.
"Ислам мемлекеті" ұйымы қатарына қосылған Тәжікстан милициясының полковнигі Гулмурод Халимов (оң жақтан екінші) түскен видеодан үзінді.

Тәжікстанда Азаттықтың Тәжік қызметінің сайты, YouTube пен басқа да ресейлік бірнеше әлеуметтік желі ашылмай қалды. Аталған ресурстардың бұғатталғаны жайлы "Вавилон", "Индиго", "ТаджикТелеКом" және "Мегафон" интернет провайдерлерінің тұтынушылары хабарлады.

Интернет провайдерлері ассоциациясының өкілі Асомуддин Атоев компанияларға мемлекеттік коммуникация қызметінен бұғаттау туралы ауызша өкім түскенін айтады. Оның сөзінше, бұғатталуға интернетте тәжік арнайы жасағы командирінің "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына кіріп кеткені туралы ақпараттардың пайда болуы себеп.

Атоев биліктің мұндай іс-әрекеті мәселені шешпейтінін, керісінше тұтынушылардың ақпарат алу құқығын бұзатынын айтады. Бірақ Тәжікстан коммуникациялар қызметінің өкілдері сайттардың бұғатталуына қатысы барын жоққа шығарады.

27 мамырда YouTube сайтында тәжік полицейі Гулмурод Халимов түскен видео жарияланған. Халимов видеода Тәжікстандағы діни шектеулерге қарсылық ретінде "Ислам мемлекеті" ұйымына кіргенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG