Accessibility links

Ұйым: Әлемдегі химиялық қарудың 90 пайызы жойылды


Халықаралық химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым бас директоры Ахмет Узюмджу.

Халықаралық химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым бас директоры Ахмет Узюмджу.

Халықаралық Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым мәліметтері бойынша, қазірге дейін әлемдегі барлық химиялық қару-жарақ қорының 90 пайызы жойылып бітті. Ұйым бас директоры Ахмед Узюмджудың сөзінше, бұл - әлемдік қауымдастықтың "бұл қару-жарақ түрінен арылуға бет бұрғанын" көрсетеді.

Дүние жүзінде химиялық қару-жарақты өндіріп, сақтауға салынған тыйым күшіне енген 1997 жылдан бастап тіркелген 63 мың тонна химиялық улы зат жойылған. Мұның басым көпшілігі АҚШ пен Ресейге тиесілі, 1 мың 300 тоннасы Сириядан шығарылған.

2013 жылы қызметі үшін бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын алған Химиялық қару-жараққа тыйым салу ұйымы 2020-2023 жылдарға қарай Ресей мен АҚШ-тағы қалған химиялық қару-жарақ қоры түгелдей жойылмақ.

XS
SM
MD
LG