Accessibility links

Украина сыртқы қарызын төлеуды уақытша тоқтатпақ


Украина валютасы. (Көрнекі сурет).

Украина валютасы. (Көрнекі сурет).

Украина президенті Петр Порошенко Киевтің сыртқы қарыздарын төлеуді тоқтатуына құқық беретін заң жобасына қол қойды. Заң ресми түрде жарияланған сәттен бастап күшіне енеді және ол 2016 жылдың шілдесіне дейін күшінде болады.

Украина үкіметі өткен аптада ел парламенті - Жоғарғы Радада мақұлданған заң мемлекеттік активтерді "принципсіз несие берушілерден" қорғау үшін қабылданғанын айтады.

Ресей билігі егер Киев қарыздарын төлеуді тоқтатса, онда Мәскеу "өз мемлекеттік мүдделерін қорғайтынын" айтады.

Ресейде Украинаның құны үш миллиард АҚШ доллары болатын еурооблигациялары бар. Украина ол облигация бойынша толық төлемді биылғы жылдың соңына дейін аяқтауы тиіс.

Қазір Украина 23 миллиард АҚШ долларын құрайтын сыртқы қарызын қайта құрылымдау туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Украина Халықаралық валюта қорының көмек бағдарламасы аясында 17,5 милилард долларын алудан үмітті. Бұл қаржы елдің таусылуға айналған валюта қорын толықтыруға септеспек.

XS
SM
MD
LG