Accessibility links

Қазақстанда жаңа велокоманда құрылды


Велоспортшылар. (Көрнекі сурет).
Велоспортшылар. (Көрнекі сурет).

Қазақстан велоспорт федерациясы жаңа кәсіби континентальды велокоманда құрылғанын хабарлады.

«Seven Rivers» деп аталатын жаңа команда UCI (Халықаралық велоспорт одағы) лицензиясын алып, континентальды команда мәртебесін иеленді. Команда менеджері қызметін Болат Райымбеков, ал спорттық директоры міндетін Қайрат Байгудинов атқарады.

Командаға қазақстандық он жас велоспортшы мүше болған.

Жаңа команда федерация қарамағында болып, құрлықтық деңгейдегі түрлі жарыстарға қатысады. Қазақстанда бұған дейін «Астана» континентальды командасы болған. Бірақ бұл команда допинг дауынан кейін жабылған.

Қазір Қазақстанда pro team (кәсіби велокоманда) статусын алған "Астана" велокомандасы бар.

XS
SM
MD
LG