Accessibility links

Сот Талас Сағымбаевтың бас еркін 1 жылға шектеді


Құқық қорғаушы Талас Сағымбаев.

Құқық қорғаушы Талас Сағымбаев.

Астананың Сарыарқа аудандық №2 соты бүгн астаналық құқық қорғаушы Талас Сағымбаевты бір жылға бас еркіндігін шектеуге үкім шығарды. Сағымбаев Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің әкесі, бизнесмен Қажымқан Мәсімовке 300 мың теңге көлеміндегі моральдық өтемақы төлеу туралы сот шешімін орындамады деген айып тағылған.

Талас Сағымбаевтың өзі сотқа қатысқан жоқ. Азаттық тілшісне ол телефон арқылы кешелі бері өзінің сырқаттанып қалғанын айтты. Ол бүгінгі сот үкімімен келіспейтінін білдірді.

Адам құқықтары жөніндегі бюроның Астанадағы өкілдігінің бақылаушысы Ғибрат Нұғмановтың сөзінше, үкім жарияланған сотқа қарсы тараптан да ешкім қатыспаған. Үкімді тек осы іс бойынша екі куәгер ғана тыңдаған.

Талас Сағымбаев 2009 жылы «Время» газетіне, 2010 жылдың ақпан айында «КТК» телеарнасына берген сұхбатында премьер-министр Кәрім Мәсімовтің әкесі Қажымқан Мәсімовті "кәсіпкерлерге қарыз» деген еді. Кейін Қажымқан Мәсімов Сағымбаевтың үстінен "ар-намысыма тиетін ақпарат таратты" деп шағымданған. Сағымбаевтың айтуынша, 2011 жылы қазан айында сот өзіне қатысты Қажымқан Мәсімовке 300 мың теңге өтемақы төлеу, БАҚ-та терістеу мақала жариялап, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жолдаған хатын кері қайтарып алу туралы үкім шығарған.

Сот сонымен бірге «Время», «КТК» арналарына байланысты да шешім шығарып, олардың осыған дейін Мәсімов туралы шыққан ақпараттарын терістеуін талап еткен.

Бірақ өзінің үкіммен келіспейтіндігін айтқан Талас Сағымбаев оны орындаудан бас тартқан. Бұдан соң сот орындаушылары құқық қорғаушының атына сотқа шағым түсірген.

XS
SM
MD
LG