Accessibility links

Бішкек Мәскеуден ЕАЭО-ға кіргізуді жеделдетуді сұрады


Қырғызстан премьер-министрі Темір Сариев. Бурабай, Қазақстан, 29 мамыр 2015 жыл.
Қырғызстан премьер-министрі Темір Сариев. Бурабай, Қазақстан, 29 мамыр 2015 жыл.

Қырғызстан премьер-министрі Темір Сариев Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевпен кездесуінде одан Қырғызстанның Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) қосылуы туралы келісімді ратификациялау процесін жеделдетуді сұрады. Сариев пен Медведев бүгін Бурабайда кездескен. Бурабайда бұған қоса ТМД елдері үкімет басшылары кеңесінің жиыны мен Еуразия үкіметаралық кеңесінің жиыны өтіп жатыр.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, Медведев қазір Қырғызстанның ЕАЭО-ға қосылуы туралы келісімді ратификациялаудың мемлекетішілік поцедуралары жүріп жатқанын айтып, бұл мәселеге қатысты көмегін тигізетініне сендірген.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев мамырдың 8-інде ЕАЭО-ға кіру туралы келісімге қол қойып, оны ел парламенті мақұлдап қойған. Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіруі туралы келісімді енді одаққа кіретін Ресей, Қазақстан, Беларусь және Армения ратификациялауы тиіс.

XS
SM
MD
LG