Accessibility links

АҚШ ЖІӨ өсімі баяулады


Нью-Йорк қор биржасында. (Көрнекі сурет)
Нью-Йорк қор биржасында. (Көрнекі сурет)

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында АҚШ-тың ішкі жалпы өнімінің көлемі 0,7 пайызға кеміген. Бұл туралы жұма күні АҚШ сауда министрлігі мәлімдеген. Бұл нақтыланған дерек осыған дейін жарияланған алдын ала мәліметтегі көрсеткіштен бір пайызға жуық төмен. Бұған дейін биыл алғашқы үш айда АҚШ экономикасы болмашы ғана өскен деген ақпарат айтылған еді.

Экономикалық белсенділіктің кемуіне негізгі себеп ретінде доллардың нығаюуына байланысты экспорт көлемінің азаюы, тұтыну сұранысы өсімінің бәсеңдеуі, өндірісті дамытуға корпоративтік инвестициялардың қысқаруы аталады. Сонымен бірге мамандар ауа райының қолайсыздығын – қыстың әдеттен тыс суық болғанын да экономиканың жағдайына әсер еткен факторларға жатқызады.

Дегенмен, сарапшылар жұмыспен қамтылғандардың көбеюі мен жұмыссыздық деңгейінің азаюын экономика өсімінің негізгі факторы ретінде атап, экономика өсімінің көрсеткіші қайтадан көтеріле бастайды деген болжам жасайды.

Бірінші тоқсан нәтижесін қалыптан ауытқушылық (аберрация) деп бағалаған АҚШ федералдық қаржы жүйесі көп жылдан бері алғаш рет биыл кредиттік ставканы көтергелі отыр.

XS
SM
MD
LG