Accessibility links

Украинада ұсталған ресейліктерге ота жасалған


Украинаның Луганск облысы аумағында ұсталған Ресей азаматы Александр Александров. Киев, 28 мамыр 2015 жыл.

Украинаның Луганск облысы аумағында ұсталған Ресей азаматы Александр Александров. Киев, 28 мамыр 2015 жыл.

Украинаның Луганск облысы аумағында ұсталған Ресей азаматтары Евгений Ерофеев пен Александр Александровқа жұма күні жоспарлы ота жасалған. Бұл туралы «Интерфакс» агенттігіне Украина қорғаныс министрлігі бас әскери клиникалық госпиталінің жетекші хирургі Ростислав Гибало хабарлаған.

Дәрігер Ерофеевтің денсаулық жағдайын қанағаттанарлық деп, ал Александровтыкі – қанағаттанарлық пен орташа дәрежедегі ауыр жағдай аралығында деп сипаттаған.

Гибалоның айтуынша, бүгін Ерофеевтің қолына сүйегіндегі сынықты сыртынан бекітетін аппарат қойылған, қол етіндегі жара орны бітіп келе жатқаны байқалады.

Александровтың аяғына сыртынан бекітіп ұстайтын аппарат және ВАК аппарат орнатылған. «Александровтың жарақаты күрделі болды, бірақ оның денсаулығына қатысты қауіп жоқ» деген хирург. Ол Евгений Ерофеев пен Александр Александровтың ауруханадан қашан шығуына болатынын дәл болжап айта алмады.

«Жазылып шыққан соң олар тергеушілерге беріледі» деді Ростислав Гибало.

Мамырдың 16-сы күні қарулы қақтығыстар жүріп жатқан Донбастағы Луганск облысы Счастье қаласы аумағында украиналық әскерилер ресейлік екі азаматты ұстаған. Бірі қолынан, екіншісі – аяғынан жараланған екеуі кейін Ресей қорғаныс министрлігі бас барлау басқармасының қызметкерлері екендерін айтқан.

XS
SM
MD
LG