Accessibility links

Алматыда сауда орталығынан адамдар шығарылды


Алматы қаласының көрінісі.

Алматы қаласының көрінісі.

Бүгін түс мезгілінде Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығына келген адамдар өрт дабылы бойынша сыртқа шығарылды деп хабарлады Tengrinews сайты.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, сауда орталығының үшінші қабатынан түтін исі сезілгені туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына өртке қарсы қызмет көліктері барған.

Алматыдағы Достық даңғылы мен Жолдасбеков көшесінің қиылысында орналасқан Dostyk Plaza сауда орталығы 2014 жылы тамызда пайдалануға берілген. Оның жалпы көлемі 125 мың шаршы метрді құрайды, соның 54 мыңы сауда орындары ретінде бөлінген.

XS
SM
MD
LG