Accessibility links

Ақтауда террорға қарсы жаттығулар өтті


Ақтауда 2013 жылы өткен әскери жаттығулар. (Көрнекі сурет)

Ақтауда 2013 жылы өткен әскери жаттығулар. (Көрнекі сурет)

Қазақстанның терроризммен күрес жөніндегі республикалық жедел штабы елдің батысындағы Маңғыстау облысында «Ақтау-Антитеррор-2015» деп аталатын террорға қарсы жедел-тактикалық жаттығулар өткізді деп хабарлады «Интерфакс» агенттігі.

Ақпаратта жаттығу кезінде террорлық қауіп деңгейін белгілеу және тұрғындарды террорлық акт қатерінен сақтандыру механизмдері тәжірибе жүзінде сынақтан өткізілгені айтылған.

Сонымен бірге бұл жаттығулар алғаш рет дағдарыс жағдайлары жөніндегі республикалық жедел штабпен бірге өткізілгені, Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан босқындардың жаппай өтуіне байланысты әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған уақытта өзара бірлескен іс-қимылдар пысықталғаны туралы хабарланған.

XS
SM
MD
LG