Accessibility links

Штайнмайер ФИФА-ны реформалауға шақырды


ФИФА президентін сайлау кезінде дауыс санау сәті. Цюирх, 29 мамыр 2015 жыл.
ФИФА президентін сайлау кезінде дауыс санау сәті. Цюирх, 29 мамыр 2015 жыл.

Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер Халықаралық футбол федерациясын (ФИФА) түбегейлі жаңарту жасауға шақырды. Welt am Sonntag басылымында бүгін жарияланған сұхбатында Штайнмайер ойыншылар, жаттықтырушылар, төрешілер, жас футболшылардың ата-аналары мен «халықаралық федерация басшылығындағы қулардың» арасында жер мен көктей алшақтық барын айтқан.

Цюрих қаласында (Швейцария) сенбі күні аяқталған ФИФА конгресінің нәтижесіне қатысты комментарийінде Штайнмайер «жалпы алғанда, футбол ойсырай жеңілді» деп санайтынын айтқан.

ФИФА-дағы жемқорлыққа қатысты қозғалған іс бойынша қазір 14 адам жауапқа тартылған. Мамырдың 27-і күні Мамырдың 27-сі күні Цюрихте тұтқындалғандар арасында ФИФА-ның екі вице-президенті Джеффри Уэбб пен Эухенио Фигередо, Коста-Рика футбол федерациясы басшысы Эдуардо Ли, ФИФА-ның даму жөніндегі офицері Хулио Роша, ФИФА ұйымдастыру комитеті өкілі Хосе Мария Марин, КОНКАКАФ (Солтүстік Америка футбол федерациясы) өкілі Костас Таккас, КОНМЕБОЛ (Оңтүстік Америка футбол федерациясы) атқару комитеті мүшесі Рафаэль Эскивель, ФИФА экс-вице президенті Джек Уорнер, ФИФА-ның бұрынғы мүшесі Николас Леос бар.

XS
SM
MD
LG