Accessibility links

31 мамыр - саяси репрессия құрбандарын еске алу күні


Жаңалық ауылының маңындағы Совет заманындағы қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориал. Жаңалық ауылы,Алматы облысы, 26 мамыр 2015 жыл.
Жаңалық ауылының маңындағы Совет заманындағы қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориал. Жаңалық ауылы,Алматы облысы, 26 мамыр 2015 жыл.

Бүгін Қазақстанда сталиндік билік тұсындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

СССР мемлекетінде 1920-1950 жылдары аралығында жүргізілген саяси репрессияға миллиондаған адамдар ұшыраған. Осы жылдары Қазақстанға немістер, шешендер, ингуштар, гректер, ноғайлар, корейлер, қарашайлар, балқарлар, Қырым татарлары, месхетин түріктері және басқа ұлттар бар – көптеген халықтар жер аударылды.

СССР-дің бас лагерь басқармасына (ГУЛАГ) кірген ең ірі лагерь жүйелерінің бірі – Карлаг қазіргі Қарағанды облысы аумағында орналасқан еді. Оның құрамындағы АЛЖИР – «отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагерінде» балалар мен әйелдер азапталған. Ресми деректер бойынша, сол кезеңдегі саяси қуғын-сүргіннен Қазақстанда ширек миллионға жуық адам зардап шеккен.

XS
SM
MD
LG