Accessibility links

Қазақстан қуғын-сүргін құрбандарын еске алды


Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасы. Жаңалық ауылы, Алматы облысы. 31 мамыр 2015 жыл.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасы. Жаңалық ауылы, Алматы облысы. 31 мамыр 2015 жыл.

Қазақстанда бүгін сталиндік билік тұсындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шаралары өтіп жатыр.

СССР кезінде сталиндік репрессия құрбандары жаппай жерленген Алматы облысы Жаңалық ауылының іргесінде орнатылған ескерткішке бүгін гүл қойылып, азалы жиын өтті. Оған саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары, ғалымдар, азаматтық белсенділер, облыс және аудандық билік өкілдері қатысты.

Тарихшылардың деректері бойынша, сталиндік қуғын-сүргін жылдары Қазақстанда 22 мың адам атылған. Солардың арасында 4 мың 800 адам Жаңалық ауылы маңындағы жерге көмілген.

Жаңалық ауылындағы бүгінгі шараларға қатысқан Азаттық тілшілері әзірленген видео:

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG