Accessibility links

АҚШ вице-президентінің ұлы қайтыс болды


АҚШ вице-президенті Джозеф Байден (оң жақта), оның сырт жағында тұрған - Бо Байден. Делавэр штаты, АҚШ, 6 қараша 2012 жыл.

АҚШ вице-президенті Джозеф Байден (оң жақта), оның сырт жағында тұрған - Бо Байден. Делавэр штаты, АҚШ, 6 қараша 2012 жыл.

АҚШ вице-президенті Джозеф Байденнің үлкен ұлы Бо Байден 47 жасқа қараған шағында ауыр дерттен қайтыс болған. Бұл туралы вице-президенттің отбасы атынан таратылған мәлімдемеде айтылған.

Отбасының хабарлауынша, Бо Байден миына шапқан қатерлі ісіктен дүние салған.

Джозеф Байден Делавэр штатынан сенат мүшесі болып тұрған кезде Бо Байдан сол штаттың бас прокуроры болып істеген. 2014 жылы ол бас прокурор қызметіне үшінші мерзімге кандидатурасын ұсынбайтыны туралы мәлімдеме жасаған.

Әкесі АҚШ вице-президенті болып сайланған соң Бо Байден сенатқа сайланады деген болжамдар айтылған еді. Бірақ, сенат депутаттығынан гөрі заңгерлікпен айналысуды ұйғарған Бо Байденнің 2016 жылы штат губернаторы сайлауына түспек ниеті болған.

XS
SM
MD
LG