Accessibility links

Күннен қуат алатын ұшақ сапарға аттанды


Нанкин әуежайынан сапарға аттанған Solar Impulse 2 ұшағы. 31 мамыр 2015 жыл.
Нанкин әуежайынан сапарға аттанған Solar Impulse 2 ұшағы. 31 мамыр 2015 жыл.

Күн энергиясынан қуат алатын Solar Impulse 2 ұшағына мінген швейцариялық ұшқыш Андре Боршберг бүгін Қытайдың шығысындағы Нанкин қаласынан жалғыз өзі ұзақ сапарға шықты. Ол Тынық мұхитының үстімен алты күнде 8500 шақырым қашықтықты артқа тастап, Гавай аралдарына ұшып жетпек.

Бұл жалғыз адамдық сапар сәтті аяқталса, авиация тарихында рекорд жаңартылады.

Ұшақпен жер шарын айналып шығуды мақсат еткен әуе саяхаты биыл наурыздың 9-ы күні Абу-Дабиден басталған. Боршберг пен оның серігі Бертран Пиккар ұшақты кезектесіп басқарады. Пиккар 1999 жылы тарихта тұңғыш рет жалғыз өзі әуе шарымен Жерге қонбастан планетаны айналып ұшып шыққан.

Solar Impulsе – Күннен қуат алатын батареялар көмегімен ұшатын ұшақ жасауды көздейтін еуропалық жоба бойынша жасалған.

XS
SM
MD
LG