Accessibility links

Керри жарақатынан соң Еуропаға сапарын доғарды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.

Францияда велосипед теуіп жүріп аяғын сындырып алған АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Еуропаға сапарын доғарды. Сапар барысында Керри "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен күрес мәселелеріне арналған конференцияға қатысуы тиіс болатын. 71 жастағы Керри қазір Женевада ауруханада жатыр, жағдайы бірқалыпты және АҚШ-қа емін жалғастыру үшін ұшып кетуге дайындалып жатыр.

Бүгін, 1 маусымда Керри Парижде Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Абадимен кездесуі тиіс болатын. Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Джон Кирби Керридің конференцияға қашықтықтан қатысатынын хабарлады.

Джон Керри аяғын Альпі тауларындағы Шамони шипажайында сындырып алған. 30 мамырда Керри Женевада Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зарифпен Тегеранның ядролық бағдарламасын шектеуге қатысты келіссөз өткізген. Керридің жарақаттанып қалуы маусымның 30-ына дейін түпкілікті келісім жасалуы тиіс келіссөз барысына кері әсер етуі мүмкін деген қауіп айтыла бастады.

XS
SM
MD
LG