Accessibility links

Египетте Мүбәрак партиясы кеңсесі сүріле бастады


Египет ұлттық демократиялық партиясы бас кеңсесінен көтерілген түтін. Каир, қаңтар 2011 жыл.
Египет ұлттық демократиялық партиясы бас кеңсесінен көтерілген түтін. Каир, қаңтар 2011 жыл.

Египет билігі бұрынғы президент Хосни Мүбәрактің бір кездері билікте болған Ұлттық демократиялық партиясының штаб-пәтерін сүре бастады. Штаб-пәтер Каирдың орталық бөлігінде орналасқан және терезелері Ніл өзеніне қарайды. Партия бас кеңсесі Мүбәрак биліктен құлатылған 2011 жылғы толқулар кезінде өртенген.

Партия штаб-пәтеріне қоса оған іргелес орналасқан, мемлекеттік мекемелер орныққан 14 қабатты ғимарат та сүрілмек. 2011 жылдың басында Мүбәрактың отставкаға кетуін талап еткендер басқарушы режим символы болған ғимаратты өртеген. 2015 жылдың сәуірінде Египет билігі ғимараттарды сүру жоспарын бекіткен. Жоспар бойынша, сүру үш айға созылады және оның орнына саябақ салынады.

XS
SM
MD
LG