Accessibility links

Лавровтан ЕО-ға қарсы санкцияға түсінік сұрады


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Мәскеу, 28 мамыр 2015 жыл.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Мәскеу, 28 мамыр 2015 жыл.

Ресей Мемлекеттік думасының оппозицияшыл депутаты Дмитрий Гудков 31 мамырда сыртқы істер министрі Сергей Лавровтан Еуропаның 17 мемлекетінің 89 саясаткерінің Ресейге кіруіне не себепті тыйым салынғанын түсіндіруін сұрады. Ол бұған қоса Лавров тыйым салынған 89 саясаткердің аты-жөнін атауы қажет деп мәлімдеді.

Ресей 2014 жылы наурызда Украинадан Қырым түбегін аннексиялап, Украина шығысындағы сепаратистерге қолдау көрсеткеннен кейін Еуропа Одағы (ЕО) 151 ресейлік пен ресейшіл сепаратистің ЕО-ға кіруіне тыйым салып, активтерін бұғаулаған.

Ресей сыртқы істер министрлігі бұған дейін ЕО елдеріне санкция салынған азаматтары туралы тізім жібергенін ресми түрде растаған. Тізімде Ресей президенті Владимир Путин мен Мәскеудің Украинадағы әрекетін сынаған Еуропа парламентінің қазіргі және бұрынғы депутаттары мен министрлер бары айтылған.

XS
SM
MD
LG