Accessibility links

Сарапшылар: Кремльдің MH17 туралы дәлелі жалған


Bellingcat сайтында жарияланған MH17 рейсі апатына қатысты есепте қолданылған суреттер.

Bellingcat сайтында жарияланған MH17 рейсі апатына қатысты есепте қолданылған суреттер.

Ұлыбританиялық тәуелсіз сарапшылар тобы Ресей қорғаныс министрлігінің 2014 жылы шілдеде апатқа ұшыраған Malaysia Airlines компаниясы ұшағын "украин әскерилері атып түсіргеніне дәлел" ретінде ұсынған спутниктен түсірілген суреттерінің датасы жалған екенін анықтады.

Бұл туралы ақпаратты Bellingcat сайтында британ журналисі Элиот Хиггинс жариялады. Сарапшылар Кремльдің апаттан төрт күн өткенде жариялаған спутниктік суреттері мен Ресей қорғаныс министрлігі сайтында жарияланған суреттерге сандық сараптама жасаған.

Bellingcat есебінде суреттер Adobe Photoshop CS бағдарламасының көмегімен "өзгертілгені" айтылады. Америкалық және неміс арнайы қызметтеріндегі дереккөздері ұшақты "Бук" зениттік-зымыран кешенімен ресейшіл сепаратистер атып түсіргенін мәлімдейді.

MH17 рейсі арқылы Амстердамнан Куала-Лумпурге ұшып шыққан ұшақта болған 300-ге жуық адамның барлығы қаза тапты. Апат орнын тексерген даниялық мамандардан құралған тәуелсіз комиссия зерттеу қорытындысын 2015 жылдың қазанында жариялайды.

XS
SM
MD
LG