Accessibility links

Ирак Сауд Арабиясы-Иран қайшылығына қосылмақ емес


Ирак премьер-министрі Хайдер әл-Абади.

Ирак премьер-министрі Хайдер әл-Абади.

Ирак премьер-министрі Хайдер әл-Абади Сауд Арабиясын шииттік үкімет Ирактың "Иран тіреуіне" айналуына жол бермейтінін, Бағдад Таяу Шығыстағы бұл бақталас екі елдің жанжалына араласпайтынын мәлімдеді. "Ирак аймақтық қақтығыстарға киліккісі келмейді. Бағдад Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы қақтығысқа араласуға ниетті емес" деді Абади мемлекеттік Iraqiya телеарнасының эфирінен.

Халқының басым көпшілігі сүннит Сауд Арабиясы мен шииттік Иран Таяу Шығыста өз ықпалын орнату үшін бақталас. Мамыр айында Бағдад Ирактағы Иран қолдайтын шииттік көтерілісшілерден Анбар провинциясының орталығы Рамади қаласын "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы содырларынан азат етуге көмектесуін сұраған. Бұл Иракта Иран ықпалы артады деген алаңдаушылық туындатқан.

Сауд Арабиясы Йемендегі Иран қолдайтын шииттік хусит көтерілісшілеріне қарсы халықаралық коалицияны басқарады.

XS
SM
MD
LG