Accessibility links

ЮНИСЕФ: Иракқа 500 миллион доллар көмек керек


Гуманитарлық көмек кезегінде тұрған ирактықтар.
Гуманитарлық көмек кезегінде тұрған ирактықтар.

БҰҰ-ның балалар қоры - ЮНИСЕФ гуманитарлық ұйымдар Иракта "Ислам мемлекеті" ұйымы тудырған гуманитарлық дағдарысқа қарсы 500 миллион АҚШ долларын жинауға үндеу дайындап жатқанын хабарлады.

ЮНИСЕФ-тің Ирактағы өкілі Филипп Хеффинк 1 маусымда таратқан мәлімдемесінде "Ирактағы гуманитарлық жағдай апат алдында тұр. Көмек көрсетуді жалғастыра беру үшін бізге шұғыл қосымша ресурстар қажет" делінген. ЮНИСЕФ дерегінше, қазір Иракта сегіз миллионға жуық адам, оның ішінде әсіресе "Ислам мемлекеті" 2014 жылдың маусымында шабуыл бастағаннан бері үйлерінен бас сауғалап қашуға мәжбүр болған 3 миллион адам гуманитарлық көмекке мұқтаж.

Қазір Иракта жұмыс істеп жатқан барлық ұйымдар алдағы алты айда көмек көрсету операцияларын жүргізуге қажетті 500 миллион доллар жинау туралы үндеу жасау үшін 4 маусымда Брюссельге жиналмақ.

Алдағы күндері Парижде Ирак пен Сириядағы "Ислам мемлекеті" ұйымын жоюда бірге жұмыс істеп жатқан АҚШ бастаған коалиция елдерінің жиыны өтпек.

XS
SM
MD
LG