Accessibility links

Кудрин: Ресейдегі дағдарыс зардабы әлі алда


Ресейдің бұрынғы қаржы министрі әрі Азаматтық бастамалар комитетінің басшысы Алексей Кудрин.
Ресейдің бұрынғы қаржы министрі әрі Азаматтық бастамалар комитетінің басшысы Алексей Кудрин.

Ресейдегі дағдарыс әлі шыңына жеткен жоқ, оның ауыртпалығы биылғы жылдың екінші тоқсанында білінеді деп санайды бұрынғы қаржы министрі әрі Азаматтық бастамалар комитеті басшысы Алексей Кудрин.

"Дағдарыстың ауыртпалығы артта қалды деп айту әлі ерте, себебі 2015 жылдың екінші тоқсанында Ресейдегі жалпы ішкі өнім көлемі бұрынғыға қарағанда көп құлдырайды" деген Кудрин "Интерфакс" агенттігіне. Кудриннің болжамы бойынша, жалпы ішкі өнім көлемінің құлдырауы биыл экономикалық даму министрлігінің болжамынан сәл артып, 4 пайызды құрайды.

Кудрин әзірге тек банк секторы ғана дағдарыс ауыртпалығын тартпады, экономиканың қалған саласы толықтай дағдарыста тұр деген пікірде. Азаматтардың нақты табысының азаю деңгейі 2000 жылдан бері бірінші рет 7 пайызға жеткен.

Алексей Кудрин сұхбатында елде саяси және басқа да реформалар жүргізілген жағдайда билікке қайта оралатынын айтқан.

Алексей Кудрин Ресей үкіметінде 2000-2011 жылдары қаржы министрі қызметін атқарған. Ол үкіметтен сол кездегі президент Дмитрий Медведевпен келіспей кетіп қалған.

XS
SM
MD
LG