Accessibility links

Еуропа банкі өкілдері бүгін Киевке барады


Еуропа қайта құру және даму банкінің логотипі. (Көрнекі сурет).

Еуропа қайта құру және даму банкінің логотипі. (Көрнекі сурет).

Бүгін Киевке Украина үкіметімен экономикалық реформалар жүргізуде ынтымақтастық орнату жөнінде бес күндік келіссөз өткізу үшін Еуропа қайта құру және даму банкінің делегациясы барады.

Делегация құрамында банктің директорлар кеңесінің мүшелері, Еуропа Одағы инвестициялық құрылымдарының өкілдері бар.

31 мамырда Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) Донбасстағы қарулы қақтығыстарға байланысты 2015 жылы Украинаның экономикалық өсімі 9 пайызға дейін төмендейді деп болжаған.

ХВҚ сарапшылары Киевте 29 мамырға дейін екі апта болып, жағдайды зерттеп кеткен. ХВҚ кері болжам жасағанына қарамастан, Украина үкіметінің реформалар жүргізудегі жұмыстарына оң баға берген.

Украина билігі таяу уақытта ХВҚ-дан екі жарым миллиард АҚШ доллары көлемінде кезекті несие алудан үмітті. ХВҚ-ның Украина экономикасын несиелендіру жөніндегі 4 жылдық бағдарламасы бойынша бұл елге 17 миллиард 500 миллион АҚШ долларын бөлу қарастырылған.

XS
SM
MD
LG