Accessibility links

Ауғанстанда шабуылдан 5 содыр мерт болды


Ауғанстандағы содырлар шабуылдаған орын. Жалалабад, 1 маусым 2015 жыл.

Ауғанстандағы содырлар шабуылдаған орын. Жалалабад, 1 маусым 2015 жыл.

Ауғанстанның шығысындағы Нангархар уәлаятының орталығы Жалалабад қаласында "Талибан" содырлары полиция бөлімшесіне шабуылдап, бес адам қаза тапты. Уәлаят полициясының басшысы Фазал Ахмад Ширзадтың айтуынша, бір жанкешті бомба жасырылған көлікті бөлімше қақпасына әкеп соғып, өзге содырлар сол мезетте бөлімшені басып алмақ болған.

Фазал Ахмад Ширзад шабуылдан тоғыз полицей жараланып, төрт содырдың көзі жойылғанын, полицейлер тағы бір қарулы бір адамды шабуыл аяқталарда ұстағанын айтады. Шабуыл 1 маусымға қараған түні басталып, таң атқанша жалғасқан. Полиция шабуылдағандардан автомат, реактивті гранатометтер пен қол гранаталарын тәркілеген.

Ауғанстандағы "Талибан" өкілі Забихулла Муджахид шабуыл полиция бөлімшесінде болып жатқан "маңызды жиынға қатысушыларды" нысанаға алғанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG