Accessibility links

Қарабалин: Қазақстанға жанармай қоры керек емес


Ресейлік "Газпромнефть" компаниясына қарасты жанармай бекеті. Алматы, 20 тамыз 2014 жыл.
Ресейлік "Газпромнефть" компаниясына қарасты жанармай бекеті. Алматы, 20 тамыз 2014 жыл.

Қазақстан жанар-жағармай қорын құрмайтын болды деп хабарлады бүгін энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалинге сілтеме жасаған жергілікті агенттіктер.

Парламентте сөйлеген Қарабалин бұған дейін жанармай қорын қалай құрып, сақтау керегі жөнінде бірнеше рет талқылау болғанын, ақыр соңында ешқандай қор құру қажет емес деген тұжырым жасағандарын айтады.

"Үкімет қаулысы бойынша, барлық мұнай өңдеу зауыттарына елде жанармай тапшылығы болмас үшін қоймасында белгілі бір мөлшерде бензин ұстап отыруға тапсырма беру қажет" деген Қарабалин.

Вице-министрдің сөзінше, Қазақстан бір айда 200 мың тонна бензин тұтынады. Ал қазірдің өзінде Қазақстанда 400 мың тоннаға жуық бензин бар.

XS
SM
MD
LG