Accessibility links

Байқоңырдың 60 жылдығы атап өтілмек


"Восток-1" ғарыш кемесінің Р-7 зымыран тасығышымен ғарышқа ұшырылу сәті. Байқоңыр, 12 сәуір 1961 жыл.

"Восток-1" ғарыш кемесінің Р-7 зымыран тасығышымен ғарышқа ұшырылу сәті. Байқоңыр, 12 сәуір 1961 жыл.

Байқоңырда бүгін ғарыш айлағының құрылғанына 60 жыл толуын мерекелеуге дайындық өтіп жатыр. Мерекелік шара Байқоңыр мәдени орталығындағы салтанатты шарамен және кешкілік концертпен басталады.

Байқоңыр 1950 жылы СССР-дың алғашқы құрлықаралық балллистикалық Р-7 зымыранын сынақтан өткізетін полигон ретінде құрылған. Ресми түрде қала мен ғарыш айлағының құрылған күні Совет одағы қорғаныс министрлігінің полигонын ашу туралы жарлыққа қол қойылған 1955 жылдың 2 маусымы саналады. Байқоңырдан алғашқы баллистикалық зымыран 1957 жылдың 15 мамырында ұшырылған. Кейін полигон ғарыш айлағына өзгертіліп, ол жерден 1957 жылдың 4 қазанында Жердің алғашқы жасанды спутнигі ұшырылған.

1961 жылы сәуірдің 12-сінде Байқоңыр ғарыш айлағынан совет ғарышкері Юрий Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен адамзат тарихында алғаш рет ғарышқа шықты.

1994 жылдан бастап Ресей Байқоңырды ұзақ мерзімге жалға алған.

XS
SM
MD
LG