Accessibility links

Қытайда жолаушылар кемесі суға батты


Янцзы өзенінде суға батқан кемедегі адамдарды құтқаруға кетіп бара жатқан қайықтар. Қытай, 2 маусым 2015 жыл.

Янцзы өзенінде суға батқан кемедегі адамдарды құтқаруға кетіп бара жатқан қайықтар. Қытай, 2 маусым 2015 жыл.

Қытайда маусымның 1-і күні кешке Янцзы өзеніне батқан кемедегі 458 адамның әзірге тек 12-сі ғана құтқарылды деп хабарлады қытайлық ақпарат құралдары.

Өзенде жүруге арналған жолаушылар кемесі Нанкиннен Чунцинге бара жатқан жолда циклонға тап болған. Құтқарылған кеме капитаны мен оның аға көмекшісінің айтуынша, кеме өзенге тез батып кеткен. Жолаушылардың көпшілігі қытайлық туристер.

Құтқару жұмыстарына күшті жел мен нөсер жаңбыр бөгет болып тұр деп хабарлайды Xinhua агенттігі.

XS
SM
MD
LG