Accessibility links

Министр: ҰБТ-ның 20 мыңдай сұрағы жаңаланды


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі Ұлттық бірыңғай тестілеуге бара жатқан мектеп бітірушілер. Алматы, 2 маусым 2015 жыл.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі Ұлттық бірыңғай тестілеуге бара жатқан мектеп бітірушілер. Алматы, 2 маусым 2015 жыл.

Биыл Ұлттық бірыңғай тесттің 20 мыңдай сұрағы жаңаланды деп мәлімдеді бүгін білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.

Астанада Ұлттық тестілеу орталығының №11 филиалына барған Сәрінжіпов сұрақтардың көпшілігі логикалық ойлауды, білімді практикада қолдану қабылетін бағалауға арналғанын айтқан. Министр мектеп бітірушілерді толқымауға және емтиханды сәтті тапсыру үшін "гаджеттерге" емес, "мектеп берген білімге" арқа сүйеуге шақырған.

Бүгін Қазақстанда 165 сынақ тапсыру орындарында ҰБТ басталған. Мектеп бітіру емтиханы мен жоғары оқу орнына түсу үшін өткізілетін сынаққа биыл 87 мың 770 мектеп бітіруші қатысады.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, сынақ тапсыру маусымның 8-іне дейін созылады, ал одан ары маусымның 15-іне дейін апелляция болады.

XS
SM
MD
LG