Accessibility links

Solar Impulse 2 ұшағы сапарын уақытша тоқтатты


Нанкин әуежайынан сапарға аттанған Solar Impulse 2 ұшағы. 31 мамыр 2015 жыл.

Нанкин әуежайынан сапарға аттанған Solar Impulse 2 ұшағы. 31 мамыр 2015 жыл.

Тынық мұхиты үстінен еш жерге аялдамай ұшып шықпақ болған Күннен қуат алатын Solar Impulse 2 ұшағының ұшқышы Жапонияның Нагоя қаласының әуежайына жоспардан тыс қонуға мәжбүр болды.

Қытайдың шығысындағы Нанкин қаласынан ұшып шыққан швейцариялық ұшқыш Андре Боршберг алты күнде тоқтаусыз 8175 километр ұшып, Гавай аралдарына қонуды жоспарлаған. Бірақ ұшқыш маусымның 1-інде жолда ауа-райының қолайсыз болуынан сапарды бірнеше күнге тоқтатып, ауа-райының жақсарғанын күтуге шешім қабылдаған. Күн батареяларынан қуат алатын сынақ ретінде жасалған ұшақ қанаттарының тым ұзын болуына байланысты әуежайға басқа ұшақтарды қабылдау мен жөнелту аяқталған кезде қонды.

Күн энергиясымен жұмыс істейтін ұшақ жобасының бастамашысы, Solar Impulse 2 ұшағының екінші ұшқышы Бертран Пиккар ұшуды тоқтатуға өкініш білдірген. Ол ұшақ Нанкиннен Нагояға барғанға дейін осы типтер ұшақтар тарихында езі типтес ұшақтар тарихында ең ұзақ ұшудан рекорд орнатып қойғанын айтқан. Пиккар мұхит үстінен ұшу ауа-райы жақсарғаннан кейін ғана жалғасатынын айтты.

Ұшақпен жер шарын айналып шығуды мақсат еткен әуе саяхаты биыл наурыздың 9-ы күні Абу-Дабиден басталған. Боршберг пен оның серігі Бертран Пиккар ұшақты кезектесіп басқарады. Пиккар 1999 жылы тарихта тұңғыш рет жалғыз өзі әуе шарымен Жерге қонбастан планетаны айналып ұшып шыққан.

Solar Impulsе – Күннен қуат алатын батареялар көмегімен ұшатын ұшақ жасауды көздейтін еуропалық жоба бойынша жасалған.

XS
SM
MD
LG